Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдары
Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдары
С.А. Нуржанова, А.С. Стамбекова, П.Б. Сейітқазының авторлық ұжымымен ұсынылған мақала білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдарын көрсетуге арналған. Мақалада болашақ мамандардың «soft skills» дамыту мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасалып, «Soft skills» (икемді дағдылар) түрлері мен олардың сипаттамасы берілген. Сонымен қатар мақалада «Soft skills» дағдылардың қарым-қатынас қабілеті, шығармашылық, аналитикалық ойлау, сыни тұрғыдан ойлау, икемділік, пайымдау және шешім қабылдау, өзін-өзі бақылау, жоспарлау, зерттеу дағдылары, ақпараттық ортада интернеттің цифрлық ортасында жұмыс істеу дағдылары сияқты жіктелуі ұсынылған. Болашақ бастауыш педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдарын анықтау мақсатында 7М01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистрантарынан алынған сауалнаманың мазмұны беріліп, оның нәтижесі сипатталған. Сауалнама нәтижесі бойынша болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамытудың жолдары анықталған. Авторлар тарапынан білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдары ретінде: магистранттардың білім беру бағдарламасына «Soft skills» дамыту технологиясы» таңдау пәнін ендіру, жұмыс берушілермен кездесулер өткізу, университет көлемінде байқаулар өткізу, инновациялық әдістерді (тренинг, ментворкинг, жоба), веб-ресурстарды (цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық әдістер) қолдану ұсынылады.
Стамбекова А., Нуржанова С., Сейітқазы П. (2023). Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш білім педагогтерінің «soft skills» дамыту жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 145(4), 185–197.
Сілтеме: https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/505/237