Жаңалықтар

Жоба аясында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертация сәтті қорғалды

Ағымдағы жылдың 20 маусым күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін жобаның аға ғылыми қызметкері Сулейменова Жансая Токтаровнаның «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясы сәтті қорғалды.

Диссертанттың отандық ғылыми кеңесшісі: Жобаның ғылыми жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сейітқазы Перизат Байтешқызы. Шетелдік ғылыми кеңесшісі: РФ ФМБҒМ «Баланы дамыту, денсаулығын сақтау және бейімдеу институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Приступа Елена Николаевна.

Диссертант жұмысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы аясында орындады. Жобаның аға ғылыми қызметкері ретінде «Желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикет бойынша терминологиялық сөздік» пен «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениет» оқу-әдістемелік құралын дайындауға қатысты. Жоба аясында құрылған https://digitaletiquette.kz/ сайтының жұмысын жүргізуге атсалысып, Scopus халықаралық рецензияланатын журналдарда және ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалар жариялады.

Диссертантқа диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде Түркияның Гази университетінің философия докторы (PhD), профессор Южел Гелишли,  «Өрлеу БАҰО» АКФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Мухамбетжанова С.Т. және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің философия докторы (PhD), профессор Керимбаева Б.Т. қолдау білдірді.

Диссертациялық жұмысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сардарова Ж.И. және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Г. рецензент ретінде оң бағасын берді.

Жобаның аға ғылыми қызметкері Сулейменова Жансая Токтаровнаны философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтап, алдағы ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!

Басқа материалдар

Back to top button