Цифрлық этикеттің қалыптасуы: білім беру саласындағы зерттеулердің тенденциялары

2025 жылы жоба аясында жарық көрген аталған мақалада постиндустриалды қоғамдағы цифрлық этика, цифр лық білім беру және этикалық нормалардың сақталуы мәселелері мен цифрлық қоғамның ерекшеліктері, ақпарат пен білімнің негізгі құндылықтары контекстінде дәстүрлі моральдық нормалардың трансформациясы талданады. Мақалада шетелдік, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың цифрлық этикетке қатысты зерттеулері жан-жақты талданады. Зерттеушілердің негізгі идеялары, тұжырымда ры мен ұсынымдары қарастырылады. Авторлар Қазақстандағы цифрлық этикет мәселесінің өзектілігін атап, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мақалада цифрлық этикетке арналған арнайы кур стар мен оқу модульдерін әзірлеу, сондай-ақ онлайн қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге бағытталған ғылыми жобаларды қолдау арқылы педагогикалық әді стемелерді жетілдіру ұсынылады. Авторлар цифрлық қоғам талаптарына сәйкес тиімді білім беру жүйесін құру үшін Қазақстандағы цифрлық этикет мәселелерін терең зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу әдістері ретінде теориялық және нормативтік дереккөздерді талдау, материалды жүйелеу және жалпылау қолданылған. Мақала цифрлық білім беру платформалары мен ғылыми журнал дар және халықаралық зерттеу базаларының мәліметтері негізінде жазылған және цифрлық этикеттің маңыздылығын тереңірек түсінуге бағытталған.
Мақаланың толық мазмұнымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:
Issembayeva, N.Zh., Seyitkazy, P.B. The Formation of Digital Etiquette: Key Research Trends in the Field of Education // Scientific and pedagogical journal “Bilim”. – Astana: NAE named after Y. Altynsarin, 2025. – №3. – P. 10-22. https://bilim-uba.kz/index.php/science/issue/view/85/98



