Жаңалықтар

Халықаралық конференция жинағында мақала жарияланды

Жоба жетекшісі П.Б. Сейітқазы мен жетекші ғалымдар 2024 жылдың 25 және 26 қаңтар күндері Канаданың Торонто қаласында өткен Инновациялық ғылыми зерттеулер бойынша VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қашықтан қатысты. Конференцияның материалдарының жинағында жобаның жетекші қызметкерлері М.П.Асылбекова, Т.С. Сламбекованың «Студенттердің желілік мәдениетін дамыту» атты ғылыми мақаласы жарық көрді. Мақалада студенттердің желілік мәдениетін дамытудың педагогикалық-психологиялық, ақпараттық негіздері қарастырылды. Желілік мәдениет және медиамәдениет түсініктеріне анықтама беріліп, оқу-тәрбие үдерісіндегі әсері талданды. Студенттердің желілік мәдениетін дамытудың жолдары мен шаралары нақтыланып, болашақ мамандардың желілік мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

Жоба жетекшісі П.Б. Сейітқазы және жетекші ғылыми қызметкерлер Асылбекова М.П., Сламбекова Т.С. арнайы сертификаттармен марапатталды.

Жинақтың сілтемесі:

VIII International Scientific and Practical Conference «Innovative scientific research», January 25-26, 2024, Toronto. Canada. 126 p.

ISBN 978-92-44513-86-6

DOI https://doi.org/10.5281/zenodo.10611161

Басқа материалдар

Back to top button