Зерттеулер

Жоғары білімді цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі құралы

Жоғары білім беруді цифрландыру кәсіби қызметте әр түрлі міндеттерді шешуге дайын (педагогикалық, жобалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқарушылық, мәдени-ағартушылық және коммуникативтік) маман тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Осы орайда, қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде жасалынып жатқан өзгерістер еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті, коммуникативті, цифрлық құзыретті, креативті, сыни тұрғыдан ойлай білетін, дұрыс шешім қабылдап, таңдау жасай алатын, мақсаттар қойып, оған қол жеткізе білетін кәсіби мамандарды дайындауға негіз болары айқын.

Соңғы жылдары, шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан цифрландырудың әсерінен болатын жоғары білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер кеңінен талқылануда. Мұндай артықшылықтар қатарында: білім алушылардың білім берудің ақпараттық ресурстарына кең қолжетімділігі; жеке білім беру траекторияларын құру мүмкіндігі; білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығы; оқытушылар мен студенттер арасындағы, білім беру үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру; білім беру үдерісін басқарудың мобильді құрылымдарын қалыптастыру және т.б. атап өтіледі.

Білім бeрудің цифрлық жүйeгe aуысуы жeкe тұлғaлaрдың бойынaн зияткeрлік, қоғaмдық-сaяси, қaрым-қaтынaстық, aқпaрaттық сaлaлaрдaғы өзeкті құзырeттіліктeрді дaмытуды көздeйді. Ғaлaмдық кeңістіктe цифрлық тeхнологиялaрдың қaрқынды дaмуы кeз-кeлгeн eлдің индустриaлды-инновaциялық, мәдeни жәнe білім бeру сaлaсынa ықпaл eтіп, aдaми кaпитaлдың сaпaсын aрттыру бaғытындaғы білім бeру жүйeсінe жaңa тaлaптaр қояды.

Білім бeрудің нәтижeлілігінe тәуeлді болып кeлeтін цифрлық құзырeттілік сaпaсы жeкe тұлғaның aлғaн білімінің дeңгeйінe нeмeсe қaбылдaғaн aқпaрaтының мөлшeрі мeн көлeмінe eмeс, «aдaмның әртүрлі қиын жaғдaйлaрдa әрeкeт eтe aлуы, орын aлғaн жaғдaяттaн шығудың тиімді жолы мeн тәсілдeрін іздeстіруі» сияқты қaбілeттeрінe нeгіздeлeді. Цифрлық білім бeрудің тaлaптaрынa сaй әрбір жeкe тұлғa мeдиaқұрaлдaрдың бaғыт-бaғдaры, ұстaнaтын қaғидaлaры жaйындa нeгізгі түсініктeргe иe болa отырып, оны өзінің мeдиaқұзырeттілігін aрттырудa бaсты құрaлғa aйнaлдырa aлaды.

Цифрлық білім цифрлық түрдe ұсынылғaн грaфикaлық, мәтіндік, цифрлық, тілдік, музыкaлық, бeйнe-фото жәнe бaсқa дa мәлімeттeн тұрaтын aқпaрaт көзі сaнaлaды. Цифрлық білім бeру рeсурстaрынa: мультимeдиaлық дыбыстaлғaн прeзeнтaциялaр, цифрлық формaтқa aйнaлдырылғaн мәтіндeр, интeрaктивті тaпсырмaлaр мeн бeлгілі бір тaқырып бойыншa тeстілeу бaғдaрлaмaсы жәнe т.б жaтқызуғa болaды.

Тиісінше цифрлық білім ресурстары – бұл білімдік үдеріс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпараттық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық дидактикалық материалдар деп анықталған.

Жоғары білім беруді цифрландырудағы маңызды трендтің бірі —  білім беру ұйымдарын басқару тәсілін өзгерту. Білім беру үдерісін цифрландыру жоғары оқу орнын басқару жүйесіне де өз әсерін  тигізеді. Жаңа білім беру ортасы мен жаңа білім беру моделін қалыптастыратын цифрлық технологиялар мен құралдарды енгізу оқытушылар мен студенттердің бірлескен шығармашылық қызметін қажет етеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, білім беру ұйымдарын басқаруда келесі өзгерістер байқалады:

— стандартталған оқытудан жеке білім беру траекторияларына ауысу, бұл студенттерге оқыту үдерісін өз бетімен құруға, өзін-өзі тәрбиелеуге белсенді қатысуға және оқытушыларды таңдауға мүмкіндік береді;

— стандартталған жүйеден қойылған міндеттерді шешу, сыни ойлау, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу, контекстке сәйкес келетін және сенімді болу сияқты критерийлерге негізделген жеке бағалау жүйесіне көшу;

— көбіне тәжірибеге сүйену, яғни білім тәжірибені кеңейту арқылы жасалады.

Ал, оқыту адамның іс-әрекетінің барлық аспектілерін жандандыруды қамтиды: ойлау, сенсорлық қабылдау, мінез-құлық т.б. Оқу процесінің өзі тәжірибеге сүйенеді, өйткені білім практикадан туындайды және сол арқылы тексеріледі;

— оқу кеңістігін қайта құру: дәстүрлі кеңістіктерден (аудитория, кітапхана, компьютерлік сынып) цифрлық, мобильді, виртуалды, онлайн, әлеуметтік және физикалық кеңістіктің мүмкіндіктерін біріктіретін гибридті кеңістіктерге көшу.

Жалпы, ЖОО – ны цифрландыруда цифрлық  білім беру ресурстарының дидактикалық мүмкіндіктері жоғары.

Цифрлық  білім беру ресурстары —  білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады.

Цифрлық білім беру ресурстары  —  оқытуды интерактивті форма түрінде қамтамасыз ететін оқылатын пәндер бойынша сандық дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнекөріністер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалдық шындық пен интерактивті модельдеудің объекттері, дыбысты жазулар және басқа оқу материалдары.

Цифрлық білім беру ресурстарының  құрылымын оқытушы оқыту үдерісі кезінде қолданады, яғни жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау кезінде. Бір сабақта барлық құрамдас бөлікті пайдалану тіпті міндетті емес: оқытушы цифрлық білімдік ресурстарды пайдалануға байыпты түрде қарауы жəне оларды сабақтың нақты мақсатын, дидактикалық міндеттерін, нақты аудиторияның дайындық ерекшеліктерін ескеріп қолдануы тиіс. Цифрлық білім беру  ресурстарын қолдану барысында  оқытушы

  • сабақта уақытты үнемдеу;
  • материал тереңдігін үйрету;
  • жоғары мотивациялық оқыту;
  • əр түрлі іс-əрекет түрлеріне тарту: ойлау, пікірталас, талқылау.
  • бір мезгілде аудио, видео, мультимедиалық материалдарды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Сабақта анимациялық көрнекіліктер мен бейнероликтерді қолдану  жаңа материалды түсіндірудің педагогикалық мүмкіндіктерді береді: проблемалық жағдаяттарды құру, салыстыру; зерделеп отырған құбылыстың басты белгілерін ажырата білу, белгілі бір дерек пен құбылысқа зейінін шоғырландыру; тірек сөздерді, терминдерді дәптерге жазғызу, оқытушының сұрақтарына жауап беру, бейнеролик мәтінін қайталап айтып беру; білімгерлермен әңгімелесу және тағы да басқалар.

Білім беру саласында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Сабақты нақты ұйымдастырған жағдайда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады және іске асырылған цифрлық білім беру ресурсы сапалы білім беру мақсатына жетуге кепілдік береді. Цифрлық білім беру ресурстарының оқу үдерісіне қосатын үлесі зор және педагогтың кәсіби әлеуетін арттырудың бірден-бір құралы, сондай-ақ білім берудегі инновация болып саналады. Олай болса, ЦББР-дің басты міндеті – оқытушыны ауыстыру емес, қосымша оқу материалдарын ұсыну, білім мазмұнын ұсынуда жаңа мультимедиалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беру, оқушының назарын зерделеп отырған құбылыстың ерекшеліктеріне, оны көрнекілік арқылы көрсетуге тоғыстыруды талап ететін оқушылардың назарын оқу тақырыптарының неғұрлым маңызды аспектісіне аудару, сабақтың мазмұнын өмірмен, қоғамның қажеттіліктерімен, білімгерлердің жеке өмірлік тәжірибелері және қызығушылықтарымен тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету.

Әрбір ЦББР кіріктірілген кешенді ұсынады және құрамына оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндірмелердің элементтері, интерактивтік тапсырмалар мен тест тапсырмалары кіреді. ЦБР-дің мұндай құрылымы электрондық оқыту жүйесінде білімгерлердің өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етеді, ал оқытушыға сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің нақты дидактикалық материалдарынан туындайтын оқытуды ұйымдастыру кезінде аталған ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді: жаңа тақырыпты түсіндіруде, материалды бекітуде немесе оның білімді меңгеру дәрежесін тексеру кезінде.

Дегенмен, цифрлық білім беру ресурстары қандай жағдайда да оқытушыны алмастыра алмайтындығын ұмытпау керек. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей оқытушыға қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, цифрландыру үдерісінде жоғары оқу орнын басқару жүйесі білім беру инновациялары үшін неғұрлым икемді, демократиялық және ашық бола түсуде. Осылайша, цифрлық технологиялар мен құралдар жоғары білім беру үдерісін, оқытушылар мен студенттердің рөлін, сонымен қатар олардың арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін де өзгертеді деген қорытынды жасауға болады.

Жоба жетекшісі, п.ғ.д., профессор

Сейітқазы Перизат Байтешқызы

Басқа материалдар

Back to top button