Жаңалықтар

«Цифрлық этика жəне желілік коммуникативтік мəдениет» оқу-əдістемелік құрал жарық көрді

AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мəдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми əдістемелік негіздерін зерттеу» тақырыбындағы ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы аясында жобаның ғылыми жетекшісі, п.ғ.д., профессор Сейітқазы П.Б. және жоба орындаушылары: Сламбекова Т.С., Сулейменова Ж.Т., Ырымбаева Н.А., Кулдашева Н.У. авторлығымен «Цифрлық этика жəне желілік коммуникативтік мəдениет» оқу-əдістемелік құрал жарық көрді.

Оқу-әдістемелік құралда жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетіне қатысты маңызды теориялық және тәжірибелік материалдар жинақталды. Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының педагог қызметкерлер қауымына және білімгерлеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған.

Оқу-әдістемелік құралға авторлық құқық куәлігі алынды (Тіркеу нөмері №49882, 2024 жылғы «24» қыркүйек).

 

Сейітқазы П.Б., Сламбекова Т.С., Сулейменова Ж.Т., Ырымбаева Н.А., Кулдашева Н.У. «Цифрлық этика жəне желілік коммуникативтік мəдениет»: оқу əдістемелік құрал. – Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2024. –111 б. ISBN 978-601-326-835-4

Басқа материалдар

Back to top button