Жаңалықтар

Оқу-әдістемелік құралдың мазмұны талданды

«ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында 2024 жылы «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениет» атты  оқу-әдістемелік құралын дайындау және жарыққа шығару жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні жоба қызметкерлері арасында оқу-әдістемелік құралдың жалпы мазмұнында қарастырылатын негізгі бөлімдер мен тақырыптарды нақтылау, сондай-ақ мазмұнына соңғы зерттеулер мен жаңалықтарды енгізу мәселесі бойынша онлайн талқылау өткізілді. Талқылауға жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сейітқазы Перизат Байтешқызы және жобаның ғылыми қызметкерлері Кулдашева Н.У., Ырымбаева Н.А., Сулейменова Ж.Т., Искендер Ш.Ғ. қатысты.

Оқу-әдістемелік құралдың мазмұнында цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениеттің теориялық және этикалық аспектілері, сонымен қатар жоғары оқу орны оқытушыларының цифрлық құзыреттіліктері мен цифрлық ортадағы кәсіби мінез-құлық этикасын дамыту мәселелері қамтылатын болады.

Басқа материалдар

Back to top button