Жоба аясында жарық көретін мақала мазмұны талқыланды
Жоба жетекшісі, п.ғ.д, профессор П.Б. Сейітқазы мен жобаның кіші ғылыми қызметкері, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторанты Н.А. Ырымбаева AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында, 2024 жылғы жоспарланған жұмыстар бойынша талқылау кездесуін өткізді. Кездесу барысында ҒЖБССҚК ұсынған журналға «Opportunities for development of information competence of students in universities» тақырыбындағы мақала мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениет» атты оқу-әдістемелік құралының мазмұны қаралып, ұсыныстар айтылды.