Жаңалықтар

Кибербуллингтің алдын алу бойынша баяндама жасалды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Педагогика кафедрасының профессоры, жоба жетекшісі П.Б. Сейітқазы 2023 жылдың қыркүйек айының 27, 28 және 29-ы күндері Астана қаласының мектеп мұғалімдері, психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған мастер-класста «Цифрлық сауаттылықты қалыптастыру арқылы кибербуллингтің алдын-алу» тақырыбында баяндама оқыды.

П.Б. Сейітқазы баяндамасында жасөспірімдерді зиянды ақпараттың зардабынан қорғауға бағытталған заңдарға, кибербуллингтің формалары мен психологиялық себептеріне,  салдары мен алдын-алу жолдарына жан-жақты тоқталып өтті. Интернеттегі дөрекілік пен қорлаудан қорғануға және цифрлық кеңістікте кибербуллингке ұшырамауға арналған кеңестер берді.

Жобаның аға ғылыми қызметкері, әлеуметтік ғылымдар магистрі Ж.Т. Сүлейменова оқушылардың кибербуллингке ұшырауының әлеуметтік-психологиялық белгілерін түсіндіре отырып, сондай жағдайларда мұғалімдерге, психологтар мен әлеуметтік педагогтарға дұрыс әрекет етудің, балаға барынша қолдау көрсетудің маңызды екендігін жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button