Жоба туралы
Сайт AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы негізінде жұмыс атқарады (2023 жылдың 3 тамызындағы №269/23-25 келісімшарты бойынша). Сайттағы барлық ақпараттар жоба аясында жарияланып, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін арттыруға бағытталады.
Жоба жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Педагогика кафедрасының профессоры Сейітқазы Перизат Байтешқызы.
Басым бағыты: 8. Білім және ғылым саласындағы зерттеулер
Қосалқы басымдығы: 8.1 XXI ғасырдағы білім, ғылым, мәдениет және спорт проблемаларын іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеу: 8.1.2 Білім беру және лингвистика саласындағы өзекті мәселелер.
Жұмыс бағыты: іргелі зерттеулер.
Қолдану аясы: Жоба аясында алынған нәтижелер жоғары оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелерінің кәсіби маман даярлау үдерісінде қолданылады.
Жобаның мақсаты жоғары оқу орнының «on-line community» цифрлық кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін айқындау, тәжірибеде жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін дайындау және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Жоба аясында зерттеуге бағытталған мәселелер қатарына:
- Жоғары цифрлық технологиялар дәуірінде ЖОО-дағы цифрлық білімдік орта талаптарының және студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру мәселелелерінің жеткіліксіз зерттелуі;
- ЖОО-ны студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетінің қалыптасу деңгейін бағалау мақсатында олардың әлеуметтік платформалар мен мессенджерлердегі (Facebook, ВКонтакте, Instagram, Telegram, WhatsApp және т.б) белсенділіктері мен этикетті сақтау деңгейлеріне сараптама жүргізу қажеттілігі;
- Шетелдік тәжірибе негізінде студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру мәселесін теориялық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің өзектілігі;
- Цифрлық білімдік ортада студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың әдістемесін тәжірибеге ендіру арқылы ЖОО-на кәсіби маман даярлау үдерісін жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар дайындаудың маңыздылығы және т.б жатады.