Мақалалар

Болашақ педагогтардың цифрлық мәдениетін дамыту жолдары

Қазіргі цифрлық трансформация жағдайында  цифрлық мәдениет коммуникативті мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Е.Г. Михайлованың пайымдауынша «цифрлық мәдениет – адамның цифрлық ортада жайлы өмір сүру үшін, қоғаммен өзара іс-қимыл жасау және өзінің кәсіби қызметінде цифрлық міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды пайдалану қабілетін көрсететін құзыреттіліктердің жиынтығы».

Цифрлық мәдениет – бұл:

  • Цифрлық түрде ұсынылған қазіргі қоғамның құндылықтары, олар техникалық жүйелерде бейнеленеді және коммуникациялық технологиялар арқылы біріктіріледі;
  • Адам іс-әрекеті өнімдерінің және цифрлық дәуірдің әртүрлі тәжірибелерінің өзгеру жүйесі;
  • Тұлғаның қалыптасып келе жатқан тұрақты әлеуметтік-психологиялық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы, оның цифрлық кеңістіктегі мінез-құлық стереотиптерін қабылдауы (немесе қабылдамауы), желіде байланысу және ақпаратты өңдеу тәсілдерін бекітуі.

Бұл ретте М.И Винокурова және  авторлық ұжымның зерттеуінде цифрлық мәдениет – адамның цифрлық этиканы сақтау, басқа қолданушылармен байланыс құру, ақпаратты қалай ұсыну, деректер мен жұмыс жасау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегенді білдіреді.

Болашақ педагогтардың цифрлық мәдениеті технологияны, коммуникация және кәсіби дамуда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін дағдылар, білім мен құндылықтар кешеніне негізделеді. Оны келесі жолдар мен бағыттар арқылы жүзеге асыруға болады:

  1. Оқу бағдарламаларына заманауи цифрлық құралдар мен платформаларды енгізу студенттерге қажетті дағдылар мен технологияларды іс жүзінде меңгеруге мүмкіндік береді;
  2. Ақпараттық, компьютерлік және медиа құзыреттілікті қоса алғанда, цифрлық құзыреттілік бойынша арнайы курстар мен тренингтер болашақ педагогтарға цифрлық ресурстармен сенімді жұмыс істеуге көмектеседі;
  3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын жобаларды құру студенттерге оларды білім беру қызметінде қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етеді;
  4. Онлайн қауымдастықтар мен желілік жобаларға қатысу болашақ педагогтарға цифрлық құралдар туралы білімдерін кеңейте отырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді;
  5. Цифрлық мазмұнды сыни талдау дағдыларын үйрету болашақ педагогтарға сенімді және дұрыс емес ақпарат көздерін ажыратуға көмектеседі;
  6. Цифрлық технологияларға негізделген оқу материалдары мен курстары шығармашылық ойлау және инновациялық тәсілдерді қамтиды;
  7. Кәсіби және өзін-өзі дамыту үздіксіз білім алуға, цифрлық технологиялар саласындағы семинарларға, вебинарларға және біліктілікті арттыру курстарына қатысуға негізделеді.

Қорытындылай келе,  болашақ педагогтардың цифрлық мәдениетін дамыту кешенді тәсілді, әртүрлі әдістер мен тәжірибелерді біріктіруді талап етеді. Бұл білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалана алатын және қазіргі әлемдегі өзгерістерге бейімделе алатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

 

Жобаның ғылыми қызметкерлері Н.У. Кулдашева және Н.А. Ырымбаева

https://enu.kz/ru/page/science%2Fconference-collections%2Finternational-scientific-conference-of-students-and-young-researcher-gylym-jane-bilim-2025

Басқа материалдар

Back to top button