«Желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті қалыптастырудың өзекті мәселелері: теория мен тәжірибе» тақырыбында вебинар өтті

Ағымдағы жылдың 24-ші сәуір күні Microsoft Teams платформасы арқылы AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында «Желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті қалыптастырудың өзекті мәселелері: теория мен тәжірибе» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға жобаның ғылыми қызметкерінен бөлек, еліміздегі әртүрлі ЖОО-ның оқытушы ғалымдары, докторанттары мен студенттері қатысты.
Вебинар жобаның ғылыми жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Сейітқазы П.Б. және жобаның ғылыми қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жобаның ғылыми жетекшісі Сейітқазы П.Б. вебинардың модераторы ретінде «ЖОО-да желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті қалыптастыру мүмкіндіктері: жоба аясында қол жеткізген нәтижелер» тақырыбында баяндама оқыды.
Вебинардың ашылуында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Білім жоғары мектебінің директоры, профессор Сомжүрек Баубек Жұмашұлы алғы сөз сөйлеп, ғылыми шараның маңыздылығын атап өтті.
Жобаның орындаушылары: Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор м.а. Асылбекова М.П. «ЖОО оқытушысының әлеуметтік-желілік кеңістіктегі имиджі», Педагогика кафедрасының профессоры м.а., п.ғ.к. Сламбекова Т.С. «ЖОО оқытушысының цифрлық ортадағы кәсіби этикасы», әлеуметтік ғылымдар магистрі Сулейменова Ж.Т. «Цифрлық білімдік ортада студенттердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі» және «Педагогика және психология» БББ 3 курс докторанттары Кулдашева Н.У. «Болашақ педагогтардың цифрлық этикетін қалыптастыру жолдары» және Ырымбаева Н.А. «Студенттердің цифрлық этикетін дамытуда медиабілімнің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Вебинар жұмысына еліміздегі басқа да ірі ЖОО-ның оқытушы ғалымдары спикер ретінде қатысып, желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті қалыптастыру мәселесі аясындағы өздерінің зерттеулері мен ғылыми тұжырымдарын ұсынды. Атап айтқанда, Саржанова Ғалия Байжұмақызы (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Шет тілдік дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгеруші, қауымдастырылған профессор, PhD доктор) «Между пользой и риском: этика ИИ в научных исследованиях», Абдиркенова Акбидаш Капановна (А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің «Педагогика, психология және арнайы білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., PhD доктор) «ЖОО-да студенттердің желілік коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары», Таженова Гульсара Сериковна (Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор) «Студенттердің медиа құзыреттілігін дамыту: цифрлық кеңістікте ақпаратты дұрыс түсіну мен тарату дағдылары», Кошанова Мараш Тулегеновна (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор) «Медиатехнологиялар арқылы тұлғалық мәдениетті анықтау», Ташетов Аманжол Аскарович (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор) «Цифрлық этикет қауіпсіз цифрлық орта құрудың шарты ретінде» тақырыбындағы қызықты, әрі мазмұнды баяндамаларын ұсынды.
Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Педагогика кафедрасының «Педагогика және психология» БББ 3 курс студенттері Арыстанова Аида, Мамырбек Жанерке, Тюлебаева Даяна, Сраил Зейнеб, Кенжебекова Амина «Электрондық пошта, әлеуметтік желі, чаттардағы цифрлық этикет пен желілік мәдениет» тақырыбы бойынша кейстер әзірлеп, желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті тәжірибеде пайдаланудың жолдарын көрсетіп берді.
Вебинар соңында іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, мәселенің өзектілігін, желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті қалыптастырудың маңыздылығын, әрі қажеттілігін атап өтті. Вебинар барысында мәселені оңтайлы шешудің жолдары мен әдістемелері ұсынылды.
Вебинар AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында ұйымдастырылып, өткізілген көп жұмыстың бірі ғана. Алдағы уақытта жоба аясындағы жұмыстар жалғаса бермек.