Зерттеулер

Бейнебайланыс этикеті: қатысушылардың тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін кеңестер

Күнделікті қарым-қатынаста әдептіліктің рөлі өте маңызды, әсіресе жұмыс жиналыстары сияқты шараларда ол ерекше бағаланады. Бүгінгі таңда технологиялар бізге жиналыстарға қатысу мүмкіндігін әлдеқайда жеңілдетті.

Жиналыс этикетін сақтауды қамтитын бірнеше бұрыннан қалыптасқан ережелер бар — уақытында келу, көзбен байланысты сақтау, талқыланып жатқан мәселелерді зер салып тыңдау. Бейне-кездесулер кезінде де дәл осындай принциптерді қолдану өнімді іскерлік ортаны құруға айтарлықтай ықпал етеді. Zoom іспеттес бейнеконференция платформаларын пайдалу кезінде келесі кеңестер ұсынылады:

  1. Кездесу басында барлық қатысушыларды бір-біріне таныстыруды ұмытпаңыз.

Көзбе-көз кездесуде немесе әлеуметтік іс-шарада сіз бір-бірімен әлі таныс емес адамдардың арасында әңгімені таныстырусыз бастамайтын едіңіз. Бұл жағдай виртуалды кездесуге де қатысты. Жайлы атмосфера құрып, диалогқа қатысуды ынталандыру үшін сіз ұйымдастыратын барлық шаралардың ең басында қатысушыларды бір-біріне таныстыруыңыз қажет.

  1. Жан-жағыңыз жұмыс үшін қолайлы орта екеніне көз жеткізіңіз.

Сіз жиналысқа қатысушылардың назары сіздің жан-жағыңыздағы жағдайда емес, жиналыстың мазмұнында болғанын қалайтыныңыз сөзсіз. Жұмыс үшін қолайлы ортаны құру арқылы сіз жиналысқа қатысушылардың көңілі басқа жаққа ауып кету мүмкіндігін азайтасыз. Сондай-ақ жиналысқа минималды фондық шу мен қозғалыс аз тыныш жерде қатысуға тырысу керек.

  1. Сөйлесу кезінде өзіңізге қараудың орнына камераға қараңыз.

Егер сіз бейнебайланыс кезінде экранда өзіңізге қарап отырсаңыз, сіздің назарыңыз басқа жерде шоғырланған сияқты болады. Байланыс кезінде камераға тікелей қарау тыңдаушыларға сіз басқа жаққа емес, оларға қарап тұрғандай әсер береді. Сол себепті веб-камера мен мониторды көз деңгейінде орналастырып, камераға қарап, «көзбе көз» байланыс орнатыңыз.

  1. Алаңдатушы факторларды уақытша ысырып қойыңыз. 

Хабар алмасу қосымшаларындағы хабарландырулар, қоңырау үні және компьютердің жұмыс үстеліндегі қосымшалар алаңдатуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларды алдын-алу жөн.

  1. Жиналысқа тек қатысуы керек қатысушыларды шақырыңыз.

Жиналысқа қатысуға немесе шешім қабылдауда қажеті жоқ әріптестерді жиналысқа шақыру оның сапасына кері әсер етуі мүмкін. Zoom топтық чаты арқылы басқа мүдделі тараптарға жиналыстың қысқаша сипаттамасын жібере алатындықтан, сіз мүшелер тізімін шектеп, жиналысты өткізуді жеңілдете аласыз. Қонақ ретінде сіз міндетті түрде қатысуыңыз керек пе, жоқ па, соны анықтау үшін барлық жиналыс шақыруларын қарап шығыңыз. Егер міндетті болмаса, қажетті ақпаратты алу үшін жиналыстың хаттамасын немесе қысқаша мазмұнын сұраңыз.

  1. Егер сіз кездесудің ұйымдастырушысы болсаңыз, жиналыстың соңына дейін қатысыңыз.

Жиналыс ұйымдастырушыларына арналған жалпы ереже — жиналысқа қатысушылар соңғы сөздерін айтып, байланыстан ажырағандарына дейін жиналыстан шығып кетпеңіз. Егер бастапқы ұйымдастырушы бірінші болып шығып кетсе, Zoom ұйымдастырушы қылып басқа адамды таңдайды, бірақ қалай болғанда да мұндай әрекет дұрыс болып есептелмейді.

  1. Жиналысқа уақытында қосылыңыз.

Бұл қасиет өмірде болсын, әлеуметтік желілерде болсын этикеттің басты көрсеткіштерінің бірі болып қала береді.

ҒҚ Искендер Шәрбат

Басқа материалдар

Back to top button